Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Таулы Қарабақта оқ ату тоқтатылатындығы жарияланды

Армения мен Әзірбайжан президенттері маусым айында тағы кездесіп, келісім өткізуге келісті.

АҚШ Мемлекеттік департаменті екі ел басшысының шиеленісті әскери жолмен шешуге болмайтынын мәлімдегенін хабарлады. Қарабақ бойынша Минск тобының тең төрағалары оқ атуды тоқтату туралы 1994 және 1995 жылдардағы келісімдерді сақтаудың маңыздылығына баса мән берген.

“Зорлық-зомбылықты азайту үшін, олар ЕҚЫҰ-да қысқа мерзімде тергеу жұмыстарын жүргізу тетігін аяқтауға келісті. Президенттер ЕҚЫҰ төрағасының жеке уәкілі Басқармасының мандатын кеңейтуге де уағдаласты. Және олар 2014 жылғы Париж саммиті кезінде қол жеткізілген хабарсыз кеткендер туралы мәліметтер алмасуға келісті”, – делінген мәлімдемеде.

Әлиев пен Саргсян Венада екі ел арасындағы бітім бұзылып, төрт күн бойы Таулы Қарабақта қиян-кескі ұрыс болған көкек айындағы оқиғалардан кейін бірінші рет бетпе-бет кездесті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз