Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Тәуелсіздік жылдары қанша қандасымыз атажұртына оралғаны белгілі болды

Дегенмен, келген қандастарымыздың басым бөлігі тұрғылықты жері ретінде Астана мен Алматы қалаларын және оңтүстік өңірлерді таңдағандықтан солтүстік өңірлерге қоныстанудың теріс сальдосы ұлғайды.

Жалпы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, 1991 жылдан 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін 1 миллионнан астам этникалық қазақ тарихи атамекеніне оралып, оралман мәртебесін алды. 2016 жылы – 16,4 мың отбасы (33 754 адам), 2017 жылдың 1 тоқсанында – 2,6 мың отбасы (4,9 мың адам).

«Осы орайда 2016 жылы елімізге қоныс аударған тұлғалардың еңбекке жарамды үлесі 56 пайызды құраса, 18 жасқа дейінгі балалар – 39% және зейнеткерлер – 47% болды. 2017 жылы елге оралғандардың 26,4%-ын 18 жасқа дейінгі балалар, 67,3%-ын еңбекке жарамды жандар, 6,3%-ын зейнеткерлер иеленді», – деп атап өтті министр.

Көш бет түзеген негізгі елдердің ішінде былтыр және биыл Өзбекстан (тиісінше 2016 жылы 62% және 2017 жылы 54,5%), Қытай ( 2016 жылы 14% және 2017 жылы 33,4%), Моңғолия (2016 жылы 9% және 2017 жылы 2,1%), Түрікменстан ( 2016 жылы 6,7% және 2017 жылы 4,6%) мемлекеттері ерекше көзге түседі.

2016 жылы қоныс аударушыларды қабылдауда 7 өңір (Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) және көштің қайнар көзі ретінде 4 өңір (Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары) белгіленген. Жоғарыда келтірілген өңірлерге қоныс аударуды ұйғарған отандастарымызға көш шығындарын жабатын және бір жыл бойы баспана жалдауға қажет қаржыны өтейтін қаржы бөлінеді. 2017 жылы 2,7 мың азаматтың қоныс аударуына субсидия төлеу көзделген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз