Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Тәуекел Мүслімнің орнын басқан актер кім?

2215

Ерік Хамидуллаев Талдықорған қаласында 1993 жылы дүниеге келген.

Алматы Эстрада және цирк колледжін «Актерлік шеберлік» мамандығы бойынша оқыған. Оқуын тәмамдаған соң Өскеменде әскери борышын өтеген.

“Әкемнің жолын қуып, мен де әскерде борышымды өтедім. Бұл үрдіс үзілмесе екен деп тілеймін, менің болашақ балаларым да әскерден қашпауын қадағалаймын” – дейді Ерік.

Жас актер кәсіби түрде күреспен және бокспен айналысқан. Әскерден оралған соң Бауыржан Әбішевтің каскадерлер тобында өнер көрсеткен. Командада жүріп бейнебаян, клиптерге түсе бастаған.

Сонымен қатар ол фортепианода және гитарада ойнайды. “Әскерде жүріп түрлі жиындарда өнер көрсеттім, сол кезде өзімнің өнерсіз өмір сүре алмайтынымды түсіндім” – дейді жас актер.

Актер отандық әншілердің бірнеше бейнебаянына, “Аға”, “Қарлығаш ұя салғанда” телехикаяларына және “I Love Taldykorgan” мюзикліне түскен.

Қазіргі таңда актердің Instagram парақшасына 118 мыңнан астам оқырман жазылған.

Отандық басылымдардың біріне берген сұхбатында актер сүйіктісі жоқ екенін айтқан. “Шыны керек, маған сырт келбеті де, мінезі де сай болуы маңызды. Қыздың бойы ұзын, арықша келген, тәрбиелі, өз ерін сыйлайтын болғаны жөн” дейді Ерік Хамидуллаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз