Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Татар ма, қытай ма?”. Кәрім Мәсімов туралы сіз білмейтін 10 дерек

247

Кезінде NewTimes.kz «қазақ билігіндегі кімдерден киножұлдыз шығар еді» деген біртүрлі сауалнама жүргізіпті. Халық көреген ғой.

23,5% дауыспен Кәрім Мәсімов көш бастапты

2 дерек: Кәрім Мәсімов Тибетте тұрған

Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтқан. Атақты саяхатшы және философ Николай Рерихтің ұлттық мұражайда өткен көрмесінде.

Ол көрмеге ҰҚК басшысы да келген еді. Экскурсанттар «Кайласқа баратын жол» картинасының алдына келгенде, біреу «мынау Кайлас па?» деп сұрапты. Куратордың орнына жауап берген Мұхамедиұлы:

«Ия, Кәрім Қажымқанұлы ол жерде бір ай тұрған, зерттеген», деді.

3 дерек: Кәрім Мәсімов татар тілін біледі

Татарстан президенті Рустам Миннихановпен болған кездесу кезінде Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов татарша сөз сөйлеген.

4 дерек: Кәрім Мәсімов қылмыскерлерді ұстаған

Кәрім Мәсімов ҰҚК-ның құзырын кеңейтті. Арнайы операция жүргізіп, заңсыз мұнай сататын қылмыстық топты құрықтаған.

5 дерек: Кәрім Мәсімов хоккей ойнайды

Анау-мынау мен емес, РФ премьер-министрі Дмитрий Медведевпен бірге хоккей ойнайтыны бар.

6 дерек: 2016 жылдың 27 маусымы тарихта Masimov Day ретінде қала жаздаған

Бір күнде Қазақстанның Интернетін «жарған»

Кәрім Қажымқанұлы instagram-да аккаунт ашып, екі аяғына екі түрлі нәски киген суретін салған

7 дерек: Кәрім Мәсімов — «билікте сирек кездесетін адам түрі»

Әлеумет пен саясатты зерттеутін «Стратегия» орталығы билік элитасының 2017 жылдың 3-ші тоқсанындағы рейтингін ұсынған. Сауалнамаға қатысқан 29 сарапшы Мәсімов туралы былай деген:

«жүйелі ойлайтын адамбилікте сирек кездесетін адам түрі»

8 дерек: Кәрім Мәсімов салауатты өмір салтын ұстанады

Кәрім Мәсімов премьер-министр болып жүрген кезінде бір күні велосипедке мініп алып, Астанадан 30 шақырым жерге дейіп шауып барған. Қымбат спорттық велосипед мінген ол Ақмола облысындағы Бозайғыр ауылының жанында суретке түскен.

9 дерек: Кәрім Мәсімов флешмоб ойлап тапқыш

Бірде Кәрім Мәсімов өз Instagram-ында хэштег арқылы

мектептегі алғашқы ұстаздарымызды еске алайық, деген флешмоб ұсынған

10 дерек: Кәрім Мәсімов сұмдық әнші

Кәрім Қажымқанұлы Луи Армстронгтың өлеңдерін айтқанды қатты жақсы көреді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз