Алматы әуежайында естілген жарылыс жолаушыларды шошытты.
«Бөлімде өрт сөндірудің газ жүйесін тестілеу кезінде тарс еткен дыбыс шықты. Тестілеу жұмыстарын қызмет көрсету компаниясының өкілдері жүргізген. Жүйені іске қосқан кезде ауада қатты тарс еткен дыбыс етілді. Бұл дыбыс терминалдағы жолаушылардың назарын бірден аударды», – деді әуежайдың баспасөз қызметінен.
Төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеген. Алматы Халықаралық әуежайы мен мердігер компания өкілдері болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.