Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Тарифті көтеріп, “халық жауы” атанды

122

Қолдарыңда нақты сандары бар бірде бір құжат жоқ. Халықтан не жасырып отсыңдар? Құпия жасаудың қажеті қанша?

Бос сөзді қойып, нақты сметаны көрсетіңдер, – деді “Нұр Отан” партиясы Шымкент қалалық бөлімшесінің төрағасы Өмірзақ Мелдеханов.

Ұлттық оператор келтірген сылтаулардың бірі – доллардың қымбаттауы. Сатып алатын бағаның өсуі тағы бар. Тұтынушы санының артуынан қосымша жұмыс қолы қажет екен. Бұл онсыз да ашуға мінген жұрттың шамына тиді. Осыдан кейін жиналған жұрт “Казтрансгаз Аймақ” АҚ өңірдегі филиалының директоры Ержан Жексембиновтің баяндамасын толық тыңдаудан бас тартты.

– Халықты қанауды қойыңдар. Долларды бұнда да қыстырып қойыпсыңдар. Сылтау бəрі. Қалғаны керегі жоқ бізге, айналайын,  қаншаға көтерілді, соны айт, – деді ашуға мінген Өмірзақ Мелдеханов.

Депутат тарарифті көтеру үшін келтірілген себептерді орынсыз деп, тапты. Ал, қажетті құжаттардың қолда болмауын ақылға қонымсыз, деп атады.

Тарифті талқылауға табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшылығы мен билік өкілдері мен тұтынушылар да шақырылыпты. Бірақ олардың арасында БАҚ өкілдері жоқтың қасы.

Ақ жағалылар жиынға “жасырынбақ ойнауды жөн санап, көзбояушылық үшін жасалған” деп, баға берді.

Бір анығы,

тариф 1- тамыздан бастап бәрібір өседі.

“Жеке тұтынушылар үшін, шамамен, 19 пайызға, бюджеттік мекемелер үшін 45 пайызға-ға қымбаттайды”, – деді баяндамасында мекеме басшысы.

Көгілдір отынның нақты  жаңа бағасы əзірге коммуналшылардың өздеріне де беймəлім.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз