Тергеу өрт пен жарылыстың не себептен болғанын көрсетеді: салақтық, сыбайлас жемқорлық, қылмыс немесе қарым-қатынас дағдарысы.
Сонымен қатар
Қайғылы оқиға көптеген сұрақтар туғызды, өйткені 2019 жылы әскери қоймалардағы осындай жарылыс Арыста орын алған
Нәтижесінде 3 адам қайтыс болды, зардап шеккендердің саны 160 адамнан асты. Алайда екі жылдан кейін жағдай тағы қайталанды. Бұл ретте адам шығынын болдырмауға болар еді. Тірі қалған өрт сөндірушінің айтуынша, жарылыстар болмайтынына сенімді болған өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға жалған ақпарат берген.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысындағы әскери бөлім аумағындағы жарылыс фактісі бойынша оқ-дәрілер мен жарылғыш заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу туралы бап бойынша тергеу жүргізілуде
(ҚР ҚК 462-бабы, 3-бөлігі).
Жедел-іздестіру шаралары, оның ішінде зардап шегушілер мен куәлардан жауап алу, сондай-ақ залалды анықтау үшін бүлінген объектілерді тексеру жүргізілуде. Тиісті сот-медициналық сараптамалар жүргізілетін болады.
Саясаттанушы Максим Казначеевтің айтуынша, жағдайға талдау жасамас бұрын тергеу нәтижелерін күту керек.
– Егер жарылғыш заттарды ұрлауды жасыру мақсатында өрт шықса, бұл қылмыс. Барлық жағдайды тек тергеу нәтижесі көрсетеді. Әзірге, бір қарағанда, бұл форс-мажор сияқты.
Адамдардың қайтыс болуы – бұл стандартты салақтықтың нәтижесі. Өрт сөндірушілерге объектідегі жағдай түсініксіз болса да, жұмыс істеуге бұйрық берген
Мұндай жағдай айналамызда толып жатыр: әскери мекемеде мұндай жағдайлардың орын алуы шахтадағы жарылыстардан өзгеше деп айту қиын.
Максим Казначеев
Біздің тау-кен саласындағы барлық апаттар мен кеншілердің өлімі шамамен осындай сценарий бойынша орын алып жатыр. Қауіпсіздік хаттамасы жұмыс істемейді, – дейді Казначеев.
Онымен саясаттанушы Расул Жұмалы да келісті. Оның пікірінше, Тараз маңындағы оқ-дәрілердің қайғылы жарылуы заңдылық. Бұл екі жыл бұрынғы оқиғаға қатысты емес.
2009 жылы Арыс қаласындағы ғылыми-өндірістік бірлестіктің қоймаларында да Қорғаныс министрлігінің әскери бөліміне жақын жерде өрт шықты. Оқ-дәрілер жарылды, оларды жою керек болатын
Ол кезде төрт адам қайтыс болды, 16 адам жарақат алды. 2015 жылы Арыс қаласында болған жарылыс кезінде бір адам көз жұмды. Ресми мәлімет бойынша, оқиға оқ-дәрілерді жою кезінде орын алған. 2014 жылы Арыс қаласында “Қазақжарылысөнеркәсіп” кәсіпорнында жарылыс болып, екі жұмысшы қаза тапты, бір адам күйіп, жарақат алды.
— Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Нәтижелері ашық болғанын қалар едім. Жоғары дәрежелі басшыларды немесе жекелеген адамдардың кінәсін жасырмау үшін. Бұрынғы жағдайлардан үкімет қандай да бір елеулі қорытынды шығарған жоқ. Дегенмен
екі жыл бұрын Арыс қаласында болған жарылыстан кейін президент нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берді. Олардың толық орындалмағанын айта аламыз
Атап айтқанда, Тоқаев түгендеу жүргізу керек екенін айтты: барлық қауіпті, улы және ескірген оқ-дәрілерден арылу керек.
Расул Жұмалы
Оларды елді мекендерден алыс қашықтыққа көшіру керек екендігі туралы айтқан болатын.
Арыс пен Таразда болған жағдайдан қоймалардың әлі күнге дейін елді мекендердің жанында орналасқанын көреміз, бұл халыққа тікелей қауіп төндіреді
Қазақстан – аумағы жағынан едәуір үлкен ел, бос жерлерді тауып, бақылау орнатуға болатын еді. Бірақ егер бұл бағытта жұмыс жүргізілсе де, өте баяу жүріп жатыр.
Көптеген оқ-дәрілер қоймалары-кеңес дәуірінің мұрасы, ондағы арсенал бұрыннан ескірген және қайта өңдеуді қажет етеді. Мұндай объектілер баяу әсер ететін мина тәрізді: не мында не анда жарылады. Елдің қорғаныс қабілеті үшін не қажет, не қажет емес екенін анықтауымыз керек. Қолданылатын оқ-дәрілерден басқа артығын басқа елдерге сатуға болады, – дейді саясаттанушы.
Р.Жұмалының пікірінше, тергеу қайғылы жағдайға әкелген оқиғаның бірнеше нұсқасын қарастыруы тиіс
– Салақтық пен жауапсыздықпен қоса, бұл арандату, зиянкестік болуы да мүмкін.
Қазір Қорғаныс өнеркәсібі саласында, оқ-дәрілер саласында сыбайлас жемқорлық элементтері бар деген ақпарат бар. Бұл ең алдымен сирек кездесетін металдарға байланысты,
бұл қандай да бір бизнестің бөлігі болуы мүмкін.
Барлық осы нұсқалар пысықталуы керек. Мұндай төтенше жағдайларда Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің қарсы әрекет ету туралы белгілі бір хаттамасының болуы маңызды. Бірақ осы екі бөлімнің іс-әрекеттерінде сәйкессіздіктер байқалады. Жеке өзім қорғаныс қызметкерлері жарылғыш әскери қойманы сөндіруге өрт сөндірушілерді жібергенін түсінбеймін.
Түсінуімше, керісінше, азаматтық немесе әскери болсын, адамдарды осындай жарылыстардан аулақ ұстау керек. Жарыла берсін – адам өмірі металл сынықтарынан гөрі маңыздырақ
Соңғы жарылыстарда басқаша болғаны өте өкінішті. Біз қаза тапқан және жараланған отандастарымызға құрмет біулдіреміз. Меніңше, егер хаттама басқаша болса, мұндай өлімнің алдын алуға болар еді. Менің ойымша, хаттаманы сыни жағдайларда ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерімен қатар қайта қарау керек, – деп санайды саясаттанушы.
Расул Жұмалы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың отставкаға кетуі мен жаңа қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың тағайындалуы қиындықтарды шешпейтініне сенімді.
– Министрлердің ауысуы ештеңені шешпейді, өйткені мұнда жүйелі мәселелер мен қателіктер туралы сөз болып отыр. Қалай болғанда да, жүйе бұрынғыдай қалады, — деп түйіндеді сарапшы.