Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-6
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Тараздағы каннибализм. Полиция WhatsApp-та тараған видеоны зерттеді

312

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

“WhatsApp мессенджерінде Жамбыл облысы Тараз қаласында каннибализм жағдайы болды деген видео таралды. Облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жүргізген тексерістен кейін бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Жамбыл облысында мұндай жағдайлар болды деген мәлімет расталмады”, – делінген хабарламада.

Осыған байланысты полициядағылар бұқаралық ақпарат құралдары немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы жалған мәлімет таратқандардың ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі 3-тармағы бойынша айыпталып, екі жылдан бес жылға бас бостандығынан айырылатынын ескертеді.

“Қазіргі уақытта Жамбыл облыстық Полиция департаментіндегілер жалған мәлімет таратқандарды анықтап жатыр”, – деп хабарлады полициядағылар.

Айта кетелік, каннибалдар – адам етін жеушілер. Мұндайларды Қазақстан түрмелерінде бөлек ұстайды. Мысалы, 90-шы жылдары елді шулатқан кісі жегіш,  ақтөбелік Николай Жұмағалиев ұсталды. Одан соң Қапшағайдан үш санитар еркек те құрықталды: Сергей Копай, Евгений Турочкин және Михаил Вершинин. 2009 жылы Шалқардан осындай айыппен төрт жігіт ұсталған. 2000 жылы Борман деген қылмыстық топ құрықталды. Ондағы жігіттердің де осындай ауыр күнәсі әшкерленген. Ал 92-ші жылы ұсталған алматылық маньяк Манджиков 93-ші жылы өлім жазасына кесіліп, көзі жойылған. Ол кезде Қазақстанда өлім жазасы әлі күшінде еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз