Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Тараздағы “Ауыл-Береке” базарында киім-кешек бутиктері өртенді

111

Әлеуметтік желіде өрттің видеосы пайда болды. Тілсіз жау бірнеше контейнерді шарпыған. Тауарларын құтқаруға тырысқан саудагерлер оларды көшеге тасыды.

Тауарлардың басым бөлігі киім-кешек. ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, киім сататын тоғыз бутик жанып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, өрттің аумағы – 700 шаршы метр.

Өрт сағат 09.47-де ауыздықталып, 10.01-де сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Жамбыл облыстық ТЖД-дан 49 адам мен 10 техника жұмылдырылды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз