Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Таразда жылу беретін мекеме ардагерлерді ақы төлеуден босатты

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында жалпы қолданыстағы 1312 үйдің 1253 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, оның ішінде 912 үй ыстық су жүйесімен қамтылған. Алайда 341 үйде ыстық су алуға техникалық тұрғыдан мүмкіндіктері қарастырылмаған көрінеді.

Жалпы қала тұрғындары жаз айларында ыстық сусыз отыратыны ешкімге жаңалық емес. Оның себебі мен салдарын түрлі әкімдер түрлі уәде беріп шешпей кететін. Бұл мәселенің шарықтау шегі былтыр болды – қаланың барлық көшелерін қазып, құбырлан алты айы бойы ауыстырмай елдің мазасын қашырған еді.

“Таразэнергоорталық” АҚ Тараз қаласына басты жылу мен ыстық судың жеткізуші, бұл ұйым облыс орталығындағы көп қабатты тұрғын үйлердің 70 пайызын жылумен қамтамасыз етеді. Осы басқарманың басшысы Бақберген Мәуленов қазіргі таңда қандай жұмыстар істелініп жатқаны туралы айтып берді.

“Басты мәселе – биыл қаламызда жылыту маусымы әдеттегідей қазан айының ортасында басталады. Бүгінгі таңда жылы маусым кезде кезекті жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қыстың күні тұрғындар үйлерінде тоңып отырғаннан гөрі жазда дайындық жүргізгеніміз дұрыс деп есептеймін. Ал өзіміздің тарапымыздан мекеменің есебінен ҰОС ардагерлері мен мүгедек балалары бар тұрғындарға жылу беруді тегін ету мәселесін шештік. Осындай топта 453 абонент бар. Айына мекеме бес миллионға жуық қаражатты өз мойнына алып отыр”, – дейді Бақберген Мәуленов.

Жалпы Бақберген Бөлдешұлының басқаруымен «ТаразЭнергоОрталық» АҚ 2018 жылы 89 миллион 620 мың теңге шығынмен шықса, 2019 жылы 132 миллион теңге таза табыспен шықты. Инвесторларды тарта отырып, жұмыс өнімділігін, өндірістің қуаттылығын арттырды. Сондай-ақ, 2023 жылы негізгі қорларды толық жаңартуға тағы 3 миллиард теңге қарастыруда.

Тұрғындарды үздіксіз ыстық сумен қамтуда Ресейден озық үлгідегі жылу, ыстық су және электр қуатын өндіретін жабдықтар әкеліп орнатпақшы. Кәсіпорында ірі жобаларды жүзеге асыруда 2026 жылға межелеп отыр. Оған 67 миллиард 200 миллион теңге тарту көзделіп отыр. Осындай ауқымды жұмыстардың негізінде өнім өндірудің өзіндік құны төмендеп, рентабельді жұмыс жүргізуге қол жеткізілмек. Кадрлардың да қажырлы еңбек етуі үшін барлық жағдай жасалуда. Қызметкерлердің орташа жалақысы 138 753 теңге. Қазір кәсіпорының қазаны қайнап, бойына тың қуат жүрген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз