Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-18
USD
420
0.00
EUR
510
0.00
RUB
5.72
0.00

Таразда тұрмыстық қатты қалдықтар өңдеу зауыты салынады

Жүздесуде кандидаттар көпшілікке «Nur Otan» партиясының баянды бастамалары туралы әңгімелеп берді. Бұл тұрғыда алдағы жылдары әрбір азаматтың өмір сүру деңгейін жақсартуға басымдық берілуде.

Қазіргі таңда Тараз қаласында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары қарқынды жүзеге асырылуда. Партия 2025 жылға дейін қалада тұратын бір адамға шаққандағы баспана көлемін 25,2 шаршы метрге дейін жеткізуді мақсат етіп отыр.

Сонымен қатар Тараз қаласындағы инженерлік желілерді салу және қайта құру басым бағыттар болып табылады. 2025 жылға қарай партия тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын 52,6%-ға дейін төмендетуді мақсат етеді. Абаттандыру шараларымен, оның ішінде сумен, газбен, жылумен және электрмен жабдықтау бойынша 360,2  мың адамды қамту жоспарланған.

Бұдан бөлек «Nur Otan» партиясы Тараз қаласында 2022 жылдың соңына дейін тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу/жағу зауытын салуға, 2023 жылға дейін 95 гектарға жерге ағаш отырғызу арқылы қала айналасын көгалдандыру көлемін ұлғайтуға, 2025 жылға дейін Тараз қаласында тазарту құрылғылары кешенін салуға ықпал етеді.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз