Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
14
USD
522
0.00
EUR
602
0.00
RUB
6.65
0.00

Таразда түрмеден шыққан еркек әйелін өртеп жіберді

Өрт болған кезде балалар үйде болмаған. Үйде шалажансар күйде жатқан әйел жедел жәрдеммен жансақтау бөліміне жеткізілген. Денесінің 98 пайызы күйіп қалған әйел таңға жуық жан тапсырды — тыныс алу жолын да от қарып өтіпті. Әйелі мен үйін өртеп қашқан 54 жастағы азамат алысқа ұзамады, полицейлер күдіктінің өлі денесін үй маңынан тапқан.

«Түрмеден жуырда ғана босатылған 54 жастағы ер адам әйелімен тұрмыстағы жанжал кезінде өз үйін өртеп жіберген. Денесін күйік шалған әйел ауруханада қайтыс болды. Күдікті оқиға орнынан жақын маңнан өлі күйінде табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол өзіне қол жұмсаған. Аталған деректерге қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды», – дейді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі Құндыз Бөгенбаева.

Бір күнде ата-анасы мен баспанасынан айырылған балалардың ең кішісі үш жаста болса, үлкені 22-де. Сұмдық оқиғадан секем алған тұрғындар жетім қалған балаларға алаңдап отыр. Өйткені өртенген үй қайта жөндеуге келмейді. Жұрт оларға жылу жинауға көшіпті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз