Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Жалынған…”. Тірідей жана жаздаған ұлдың анасы сұмдық оқиғаның бетін ашты

Таразда болған оқиға көпті шошытып тастады. 6 жастағы бала көшеде жүріп отқа оранған. Оны туған ағасы дер кезінде байқамағанда тірідей жанып кетуі мүмкін екен. Жанұшыра айғайлаған бауырының дауысын естіген ол дереу жетіп жотасындағы лапылдаған өртті сөндірген.

https://kaz.365info.kz/mamau-keshirshi-talgarda-balany-azaptap-oltirgen-kelinshek-bakhyryp-zhiberdi-320543

Зардап шегушінің анасы бұл жағдайға көрші үйдің 7 жастағы екі баласы кінәлі дейді. Яғни ауылдастың егіз ұлы Максимге әдейі бензин шашып от қойды деген пікірде.

“Есін жиғаннан кейін ұлымның өзі айтты. Рома дегені Максимнің үстіне бензин шашып жіберген. Артынша Данил сіріңкені тұтатып лақтырған. Қойыңдаршы деп жалынған, бірақ олар дегендерін істеген”, деді Максимнің анасы.

Вера Легостаева көршісінің жанармай бекетінде оператор болып істейтінін айтады. Сондықтан балалары бензинді үйден алып шыққан дейді.  Сондай-ақ олардың бұзақылықпен көзге түсуі бірінші рет емес деп отыр.

https://kaz.365info.kz/shyn-maninde-eki-ajelim-bar-tokhtar-serikov-shydamaj-shyndykhty-ajtty-320759

“Менімше бұл балаларды ата-анасынан ажыратып, арнайы тәртібі нашар балалар оқитын мектепке беріп, әке-шешесін де қатаң жазалау керек. Мұндай жағдай шетелде болса, дәл осылай жасар еді”, деді шошынған ана.

Дегенмен істің ақ-қарасын анықтау үшін дерекке қатысты тергеу жұмыстары жүруде.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз