Облыстың орталық алаңында тәуелсіздікті мерекелуге құрылып жатқан сахна керегесін ұйытқыған қатты жел құлатып, 4 әскери адам қатты зардап шекті.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
“Кешегі боран кезінде бір ғана төтенше жағдай тіркелді. Одан басқа оқыс оқиға болмады. Жергілікті халыққа қатты жел тұратындығы алдын ала хабарлама мен ескертулер жіберілген болатын” деді ол.
Зардап шеккендердің денсаулығы туралы облыстық әкімдіктің денсаулық сақтау басқармасындағылар айтып берді.
“Орталық алаңнан №1 қалалық ауруханаға 4 сарбаз жеткізілді. Олар №5513 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жатқан азаматтар. Юрий Дылюк пен Аман Әженовтің бастарына зақым келіп, жан сақтау бөліміне жеткізілді. Юрий Бажен тізесін жарақаттап алған, Диас Амангелді басынан жеңіл жарақат алып, травматология бөлімінде ем алып жатыр», – дейді арнайы мекемедегілер.