Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Таразда бір отбасы қыз зорлап, қинап өлтірген баласын түрмеден құтқарып қалмақ

365

Редакцияға хат келді. Көмек сұрапты. Шарасыз халде. Өмірді енді бастаған қыздарынан айырылған ата-ананың азалы үнін естідік.  Олар тек әділеттік күтеді. Қыздарын алдымен зорлап, артынан буындырып өлтірген қылмыскер жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды.

Түнгі қылмыс

Тараз қаласы. 2015 жыл. 22 желтоқсан. Жаңа жылдың қарсаңы. Назкен Ақшаева үйіне қайтып келе жатқан беті. Ол артынан әлдебіреудің аңдып келе жатқанын аңдаған жоқ. Қыз Түрксіб көшесіне түсе бергенде артынан жақындап келіп қылқындыра бастайды.

2

Осы істің анық-қанығын баяндайтын Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысын оқыдық.

56

Шыңғыс Әмірбек

“1993 жылы туған Шыңғыс Әмірбек (қылмыскердің аты-жөні) қыздың қараңғы көшеге бұрылуын күтіп, артынан аңдыған. Өзінің физикалық тұрғыдан қыздан басым екенін ұғынып, оны зорламақ болған. Ойын жүзеге асыру мақсатында қыздың қарсылығына қарамастан шалбары мен мен іш киімін тізесіне дейін түсіріп, Ақшаеваның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен… Мұнымен тоқтамаған. Сексуалдық сипаттағы ойын жалғастыру мақсатында қыздың артқы тоқ ішегіне тығып… білгенін істеген. Артынша қылмысын жасыру мақсатында орнынан тұрып келе жатқан Ақшаеваны өлтірмек болады. Сол қолының шынтағымен бір мәрте ауыр соққы жасап, екі қолымен қыздың мойнын және тыныс алу саңылауларын қысып буындыра бастаған”.

23

Назкен Ақшаева

Назкен Ақшаева сол жерде көз жұмды. Шыңғыс Әмірбек қылмыс үстінде ұсталды.

Алайда сотта ойламаған іс болды.Жазадан құтылуға ұмтылған қанішер ешбір қаймықпастан өзін куәгер ретінде көрсеткісі келеді, тіпті, сотқа өзінің “психикалық ауытқуы” бар екенін айғақтайтын анықтаманы ұсынады.

Сараптама не көрсетті?

Осы арадан сәл жинақтап айталық. Оқиға орнында ұсталған Шыңғыс Әмірбектың үстінен 2015 жылдың 24 желтоқсанында Қылмыстық Кодекстің 99 бабы 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалады.

Дәл осы күні оған қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалып, 2016 жылғы 25-қаңтардағы №610 сот-психиатриалық сараптамасының қорытындысы бойынша күдіктінің бойынан психикалық ауытқушылықтың белгілері табылып, қылмыскердің ақыл-есі дұрыстығын анықтау мақсатында Шыңғыс Әмірбекті Алматыдағы республикалық психиатриялық, психия терапиялық орталығына жөнелтеді.

Ал 2016 жылғы 18-наурызда кешенді сот-психиатриалық сараптамасы клесі қорытындышығарған: сараптамада қылмыскердің шизотиптік созылмалы психикалық аурумен ауыратыны, былайша айтқанда ақыл-есі дұрыс еместігі туралы анықтама беріледі. Мұнымен қоймай, биылғы жылдың наурыз айында Шыңғыс Әмірбек Алматы қаласы, Талғар ауданы, Ақтас ауылында орналасқан психиатриялық емханаға жатқызылған.

Сөйтіп, қылмыскердің әділ жазадан құтылып кету мүмкіндігі пайда болды.

Күмән тудырған жәйттер

Алайда жәбірленуші тараптың жанкешті әрекетінің арқасында сараптама қорытындысының біржақты жасалынғаны, тек Ш. Әмірбектің туыстарынан ғана жауап алынғаны, анықталуға тиіс басқа да мәселелердің ашып көрсетілмегені анықталды. Бұл сот қаулысында жазылған.

Қылмыскердің қолынан қаза болған  Назкен Ақшаеваның туысқандарына келесі сұрақтар маза бермей отыр:

  • “Егер оның ақыл-есі дұрыс болмаса Шыңғыс Әмірбек орта мектепті қалай аяқтап жүр?
  • Мектеп бітіргесін ол Тараз қаласының заң колледжіне қалай түсі, оны қалай тәмамдаған?
  • Ақыл-есі дұрыс болмаса, оны қалай қолына қару беріп, әскерге қабылдаған?
  • Қаладағы “Айгөлек” балабақшасына отжағушы қызметіне қалай қабылдаған?

Сонда ақыл-есі дұрыс азаматты кім тайраңдатып қойған? Ал ең бастысы, қылмыскер неге Жамбыл облыстық психикалық аурулар диспансерінде есепте тұрмаған?!

Жұдырық ала жүгіретін әдеті бар…

Айтпақшы, сол күні Шыңғыс Әмірбек кафеде достарымен сыра ішкен. Сот тергеуінде куәлік еткен қылмыскердің достарының айтуынша, Әмірбек араққа салынған, ал масайған жағдайға елге жұдырық ала жүгіретін әдеті бар.

Жоғарыдағы мән-жайдың барлығын зерделеп шыққан сот қылмыскердің ақыл-есі дұрыс еместігін айғақтайтын анықтаманың негізсіз екендігін айтып, сот-психиатриялық сараптаманы қайта тағайындады. Жәбірленуші тараптың өтініш хаты жауапсыз қалмаған.

Алайда ит-қорлықпен өлген Назкен Ақшаеваның туысқандары қылмыскер бұл жолы да жауаптан жалтарып кете ме деп қорқады.

“Оны арашалап қалудың өзі Алланың алдында жасалаған күнә. Істі бұрмалап отырғандар бар болса Алладан қорықсын. Алтын асықтай қызымыздан айырылып қалдық. Ана ретінде қабырғам қайысып қалды. Бұл жайтты ел назарына шығарып, қоғам бақылауына ұстау керек. Істің бұрмаланып кеткенін қаламаймын” дейді қайтыс болған қыздың анасы  Ақтоқты Ақшаева.

Сот бұл жолы сот-психиатриялық сараптаманы жасайтын мамандарға жалған қорытынды бергені үшін Қылмыстың кодекстің 420 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертіпті…

P.S. Біз бұл мәселені назарда ұстайтын боламыз. Алдағы уақытта аталған мәселеге байланысты Жамбыл облыстық соты, облыстық Ішкі істер басқармасының ресми жауабын жариялауға тырысамыз.

720h438

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз