Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Таразда әріптестерін пышақтаған полицей Шу ауданында қашып жүрген болуы мүмкін

Сонымен қатар ондағы деректерде күдіктінің 1971 жылы туғандығы айтылған.

Бізге ақпарат берген дереккөздің хабарлауынша, Мұрат Үмбеталиев жұртшылыққа «Бамбук» деген лақап атпен танылған. Мұрат Үмбеталиев ОІІБ Есірткі қылмысына қарсы басқарма басшысы қызметін атқарып келген. Шу ауданының тумасы.

Осыдан екі-үш жыл бұрын Шу ауданының тұрғындары тарапынан Мұрат Үмбеталиевке қарсы наразылық туған кездері болған. Мәліметтер бойынша, оған себеп көптеген адамдардың есірткі саудасымен айналысады деген күдікпен жазықсыз ұсталып жазалануы. Күдіктілердің қалталарына есірткі заттарын салып жіберіп, артынша іс қозғап, оларды абақтыдан алып қалу үшін қомақты түрде қаржы талап ету көбейіп, жұртшылық бұл операцияларды ұйымдастырушы Үмбеталиев деп есептеген.

2016 жылдың желтоқсанында 48 жастағы Шу тұрғыны Майра Рысманова Астанадағы Бас прокуратураның ғимараты алдына барып, өзін өртеген болатын.

“Балам көшеде келе жатқан жерінен оны он бес шақты полицей қоршаған. Олардың ішінде Ерлан да, бастықтары да бар. Басымен асфальтқа жатқызып қойып, машинасынан анаша мен героин тауып алған сияқты болған. Қайдан? Олар әдейі есірткі салады! Менің балам намаз оқиды, тіпті темекі де тартпайды!” деген болатын ол КТК арнасына берген сұхбатында.

Осы оқиғадан кейін Бас прокуратурадан Жамбыл облысына арнайы топ келіп, тексеру жұмыстарын жүргізіп, полицияның оннан аса қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал Мұрат Үмбеталиевке бұл іс бойынша қандай да бір шара қолданылмаған.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз