Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Таразда 10 жастағы баланы зорлап өлтірген жасөспірім сотталмайтын болды

Бүкіл елді дүрліктірген оқиға өткен жылдың қараша айында болған еді. Із-түссіз жоғалған 4-ші сынып оқушысының өлі денесі балабақша маңындағы топ ағаштың арасынан табылған. Кейін соның мектебіндегі 7-ші сынып оқушысы басты күдікті ретінде ұсталады. Өйткені екеуінің бірге ойнап жүргендерін көргендер болды.

Тексеру нәтижесінде, Никитаның зорланғаны әрі тұншықтырылғаны анықталған. Және екеуі де желім иіскеген. Бірақ 13 жастағы Николайдың кінәсі толық дәлелденіп, тіпті өзі де мойындағанымен, ол қылмыстық жауапқа тартылмады.

 

 

https://kaz.365info.kz/adon-lakhap-atymen-belgili-khylmys-aleminin-serkesi-khyrykhtaldy-310585

Ал судья анасынан ерте айырылып, маскүнем әкесімен елеусіз өскен жасөспірімге жаза тағайындау оңай болмады дейді. Фемида өкілі шешім шығарарда қылмыскердің қиын тағдырына баса мән берген.

“5 жастан 13 жасқа дейін оның ешкімі болмаған. Өзі де, өмірі де адам баласы қызығарлықтай емес. Ол маған «не істейсің» дегендей аянышты көзбен қарап тұрды. Прокурорлар екі жыл сұраған, ал мен бір жыл жаза кестім. Енді ол Шығыс Қазақстандағы ерекше режимдегі арнайы мектепте 12 ай болып келеді”, — деді  судья Тахмина Сұлтанова.

Дерек көз:Sputnik.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз