Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Танысы мықты…”. Алматыда бір дөкейдің кесірінен 500-ге тарта адам зардап шегуде

Оны Жұмабек Сырлыбаев деген үйінің аумағын кеңейтіп, қоршап, бекітіп жауып алған. Соның кесірінен тұрғындар енді сырт жақты айналып өтуге мәжбүрміз дейді.

Бұрын Жандосов көшесі арқылы қалаға шыға салатын. Осы оқиға орын алғалы бұл саяжай өрт сөндіруді, жедел жәрдемді қажет еткенде қиналады. Олар кіретін жол таппай, жүріп алады екен. Соның кесірінен үш үй өртеніп те кетіпті. Ал, екі жыл бұрын бұл аймақты су басқанда бұлар қалай жүріп, бас сауғалауды білмей, әбден сасқан. Жол ашық жоғары жақтан су келіп жатыр, қалаға апаратын жолды Сырлыбаев бекітіп алған. Құдай сақтап, әйтеуір шығын болмаған.

Ал, мына мүгедек балалары бар отбасы такси шақыру үшін сонаау біраз жер жүріп, үлкен жол бойына шығуға мәжбүр екендерін айтады. Бірақ, бұлардың айқайына құлақ асып жатқан ешкім жоқ көрінеді.

Кезінде Қарасай аудандық сот бұл жердің заңсыз екенін дәлелдеп, шешім шығарған. Бірақ, кассациялық және апелляциялық саты Сырлыбаевты қолдапты.

2006 жылдан бері 12 жыл бойына осы мәселені көтеріп келе жатқан 500-ге тарта тұрғынның берекесі кеткен. Бармаған есіктері қалмаған. Ал, Сырлыбаев болса, “енді не істеп аласыңдар” деп, міз бағар емес”. Сонда “танысы мықты” талтаңдап, қалғандары қалтылдап күн көруі керек пе?” деп ашынады мұндағы жұрт„ делінеді жазбада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз