Қазақстандық танымал волейболшы қыз Сабина Алтынбекованың киім желісінің онлайн сатылымы басталды.
Бұл мәліметті волейболшы қыздың анасы әрі менеджері Нұрипа Алтынбекова растады.
“Кеше біз онлайн дүкенімізді аштық”, – деп хабарлады Сабина Алтынбекованың анасы.
Сондай-ақ, ол киімдердің бүкіл әлем бойынша сатылымға шығатынын айтып өтті. “Енді бұл киім-кешектер шетелдіктерге де қолжетімді болады. Онлайн сатылымды кеше ғана бастадық. Таңғы сағат бесте Жапониядан сатып алушылар болды”, – дейді Нұрипа Алтынбекова.
Дереккөз: Tengrinews.kz