Бейнежазбаны Алматы қалалық полиция департаменті таратты.
«Кейбір вайнерлер, блогерлер мен басқа да әлеуметтік желілердің белсенді қолданушылары карантин режимін бұзушылардың қатарында. Бұндай заңға қайшы әрекеттерін қоғам алдында, жария түрде істейді. Осылайша өздерінің заңды және қауіпсіздік шараларын елемейтінін көрсетеді. Егер олардың әрқайсысының оқырмандары көп екенін ескерсек, ақылсыз қылығынан басқалар да үлгі алуы мүмкін», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Манап Саттаров.