Ал керек болса! Мұнысы қалай? Танымал сәнгер Құралай Нұрқаділова алғаш рет өмірлік серігін көрсетті. Ол желідегі парақшасында сүйіктісімен түскен суретін жариялады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Сәнгердің бір ұл мен екі қызы бар. Осы уақытқа дейін балаларын көрсеткенімен, Нұрқаділова өмірлік жарын жұрт көзінен жасырып келген болатын.
Осыдан бірер кұн бұрын ол Instagram-дағы парақшасында сүйген адамымен бірге түскен фото-видеоларын жариялады. Желідегі ақпаратқа сүйенсек, сәнгердің жарының есімі – Әлімбек Байбатыров.
https://kaz.365info.kz/zhartylaj-zhalanash-denesin-korsetken-aktrisa-synnyn-astynda-khaldy-320054
Бұл орайда желі қолданушылары екіге жарылған екен. Бір топ: “Мұны көрсе Заманбек аға не дер еді? Ақыры ұсталып қалыпты ғой” деген пікір білдірсе, енді бір топ бұлардың жарасымды жұп екенін айтып, бақыт тіледі.
https://kaz.365info.kz/tomiris-bajsafanyn-anasy-khyzyn-songy-ret-khyshakhtagan-suretin-zhariyalap-eldi-zhylatty-320038
Бұдан бұрын Құралай Нұрқаділова әкесі туралы естелігін бөлісіп, желідегілердің ыстық ықыласына бөленген еді. Ол марқұмның шыққан шыңына қарамастан, қарапайым азамат болғанын айтып жатыр.
«Маған әкем көп өсиет қалдырды… Бірақ, басты өнегені оның адамдарға деген қарым-қатынасынан алған болатынмын! Пейілі кең еді. Жай қолын созып амандасқан адамның есімін жаттап алатын. «Азия Даусында» көрген бір жағдай туралы айтып берейін. Көрермен көп болды.
Олардың арасынан шетелдік әділ қазылар мен әкем жүріп өтіп келеді. Бір бала «Заманбек аға, маған қол беріңізші!» деп айқайлады. Әкем артқа қайтып «Сенің атың кім, балам?» деп сұрады.
Ол «Қобыланды» деді. Әкем «Жарайсың, Қобыланды» деп күлімсіреп, қолын қатты-қатты қысты. Келесі күні де әкем өз орнына бару үшін алаңның ортасымен жүріп өтті. Әлгі бала тағы да «Заманбек аға, қалыңыз қалай?» деп дауыстады.
https://kaz.365info.kz/ralaj-n-r-adilova-jdi-alsa-da-a-ylym-men-bilimim-zimde-alady-222380
Әкем оны көптің арасынан тауып алып, «Бәрі жақсы, Қобыланды! Көп жаса, балам!» деп жауап берді. Әкем өзінің шыққан шыңына қарамастан, адамдарға келгенде тым қарапайым болатын», – дейді Құралай Нұрқаділова.
Желі қолданушылары да сәнгердің сөзін қоштай түсті.
Марқұм туралы жақсы естеліктерін бөлісті. «Сұлуым, жарайсың! Мен әрдайым өзіңді мақтан тұтамын», «Ол өзінің халқын қатты сүйді! Ұлтжанды еді», «Сіздің әкеңіз ұлы адам болатын. Ол әрдайым халықтың есінде қалады», «Иә, ол, расымен, өте жақсы адам болды» деп жазады олар.
https://kaz.365info.kz/ma-pal-zh-nisova-z-ke-ni-ruhy-li-tynyshtal-an-zho-237015