Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Танымал әнші сахнада тұрып дәрет сындырған

530

Бұл туралы  USA Today басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

53 жастағы әншінің сөзінше, ол аңдаусызда дәрет сындырғанан көрермендерге байқатпауға тырысқан.

«Не істеу керектігі туралы  ойлана бастадым. Артынша әнімді жалғастырып, орындықтан тұрып кеттім де, жердегі шалшыққа стақандағы суды төгіп жібердім. Қайта сол кезде белдемше киіп шыққан едім. Жолым болды», – дейді Шанайя Твейн.

Сонымен қатар әнші тағы бірде Рим мейманханасының дәлізінде тыр жалаңаш күйде қалғанын мойындады.

«Мен тыр жалаңаш күйде ұйықтағым келді. Түнде дәретханаға барғым келіп, бөлмеден шықтым. Қайтып келгенде өз бөлмемді шатастырып алып, жабық есіктің алдында жалаңаш тұрдым», – дейді ол.

Твейннің сөзінше, артынша күйеуі оны өз бөлмесіне кіргізген екен.

Шанайя Твейн 2016 жылы Forbes журналының нұсқасы бойынша әлем бойынша ең көп ақша төленетін әншілердің ондығына кірген еді. Оның 6 ән жинағы бар. «Now» деп аталатын соңғы ән жинағы 2017 жылы шыққан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз