Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

Танымал әнші алаяқтық жасады деп айыпталуда

131

Бүгінгі күні Астана қаласы Полиция департаментінің тергеу басқармасында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190 бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (алаяқтық) қылмыстық істі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Аталған қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында 2018 жылдың шілде айының бас кезеңінде «Ө» деген азаматша («Ақжайнақ» деп елге танылған халық әнін орындаушы, елге танымал әнші) өзінің әл аухаты төмен отбасыларға, мүгедектерге, жалғыз басты аналарға және т.б., материалдық тұрғыдан жағдайы төмен адамдарға көмек бергісі келетіндегін айтып, «Ақжайнақ» деп аталатын қаржылық ұйым құрған.

Бұл қаржылық ұйымда әр қатысушы шамасына қарай 20 000 теңгеден басталатын қаражат салу арқылы 5-10 күннің ішінде өз артынан 2 адам алып келген жағдайда салған 20 000 теңгесі екі еселеніп, 40 000 теңгеге өсіп отырған.

Егер тағы да алып келген екі адамнан бөлек екі адам тартып отырса, сол бастапқы салған 20 000 теңгесін еш қиындықсыз алып отырған.

Осылайша аталған ұйым 2018 жылдың тамыз айының бас кезеңіне дейін жалғасып, нәтижесінде бірнеше адамға материалдық шығын келтірілген» делінген хабарламада.

Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, 2018 жылдың 17-18 шілдесіне дейін ақша салған адамдар өз ақшаларын өсіммен екі еселеп алып, кейінгі салған адамдар ақшасыз қалып отыр.

Алаяқтық дерегінің және алаяқтардың құрбаны болмау мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының қаперіне телефон арқылы белгісіз тұлғалардың әртүрлі ұсынымдарына сенбеуге, адамдардың және ұйымның заңды құжаттарына көз жеткізбей, мемлекеттік ұйымдардан заңдылығын тексермей жатып, ешқандай ақша және құнды заттар ұсынбауды сұрайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз