Ділназ Ахмадиева өзге әріптестеріне ұқсап хит іздеп әуре-сарсаңға түспейді. Әнші рейтинг үшін қара пиарға да бармайды. Есесіне ол сапалы ән мен бейнебаян таспалау жолына барын салады, деп жазады Stan.kz.
Қазіргі уақытта Ділназ АҚШ-та өтіп жатқан “Исина” атты ән байқауына қатысуда. Аталған жобаға Ділназды әйгілі АҚШ композиторы, музыкант Уолтер Аффанасьефф шақырған.
“Со мной” атты трек әдеттегідей махаббат тақырыбына арналған.
“Өте еңбекқор жан екенсіз!”, “Танымай қалдым!”, “Құлпырып тұрсыз”, деп пікірлерін жаудыруда желідегілер.