Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Тамағымнан ас өтпей қалды…”. Қайрат Нұртастың келіншегі ағынан жарылды

 

“Енді арасында сынап та жатқандары бар. Ол да дұрыс шығар. Мен ол кісілерге ерсі көрінетін шығармын. Әнші болып кетті деп ойлап жатқан болар. Бірақ мен әнші емеспін.

Әнші болуды мен мақсат тұтқан жоқпын. Бұл тек қана Қайраттың жеке кешінде өнер көрсету. Дегенмен де әу демейтін қазақ жоқ қой. Мен актер мамандығын бітіргенмін. Кез-келген адам ән айтады деп ойлаймын», – дейді актриса.

https://kaz.365info.kz/tagy-on-zhylga-zhokh-bop-ketsem-khajrat-nyrtastyn-zharyn-kim-renzhitti-foto-294130

Желіде Жұлдыздың өнеріне ғана емес, жеке өміріне де тіл тигізетіндердің қарасы көп. Ғаламтор қолданушылары: «Қайраттың танымалдылығы үшін тұрмысқа шықты» – деп кінәлайтын көрінеді. Ал көңіліне қаяу салған сынға Жұлдыздың жауабы дайын.

«Көбісі «Қайрат танымал болғаннан соң күйеуге шыққан шығарсың» – деп айтып жатады. Жалпы біз Қайрекең екеуміз 2007-ші жылы шаңырақ көтердік. Бірақ 2004-тен бері біз таныс болдық. Кездесіп жүрдік. Біз Қайрат екеуміз бірнеше жылдар бойы бір-бірімізді танимыз. Яғни біргеміз», – дейді Қайраттың жұбайы.

Әбдікәрімова алғашқыда әр сынға уайымдап, тамағынан ас өтпеген сәттері де жиі болыпты. Қазір кереғар пікір жазғандарға Жұлдыздың еті үйренген.

https://kaz.365info.kz/ol-menin-anim-khajrat-nyrtas-basy-balege-khaldy-302917

«Халықпен араласып тұрамын. Бірақ ішінде қатты кететіндері де болады. Басында мен жауап беретінмін. Алғашқыда ағыл-тегіл болып, «Ойбай, мен солай істеп қойыппын» – деп уайымдайтынмын. Бірақ қазір оған көңіл аудармайтынмын. Себебі олар өте көп. Әрбіріне көңіл аударсам, мен бала-шағамды ұмытып кететіндей жайтта боламын. Сондықтан әлеуметтік желілерде жазылатын жағымсыз ой-пікірлерге көп мән бере бермеймін. Айтатынымды, жазатынымды өзім жазамын», – дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.

https://kaz.365info.kz/khorkhyp-kettim-khajrat-nyrtastyn-ajeli-adam-tanymastaj-ozgerip-ketti-video-301030

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз