Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Тәлпіш, қара қатын депті…”. Жанар Айжанова өзін сөккендерді жер қылды

688

“Тәрбие аз, ата-ана босаңқы. Бәрі қазір дүние қуалап, балаларын бетімен жіберді. Қазір қырық еркектің біріне пышақ қайрап берші десең, отыз тоғызы қашып кетіп, біреуі қалуы мүмкін. Еркектер қазір өзгеріп бара жатыр. Пышақ қайрамақ түгілі, тауық соя алмайды олар.

Заман өзгерген жоқ, біз адамдар өзіміз өзгеріп бара жатырмыз. Біз тойындық, қанағат дегенді білмейміз.

Кредит алып той жасаймыз, артынан балалар ажырасып жатады. Бізде кезінде той жасадық, шамамыздың келгенінше ғана. Мектептің асханасында дастархан жайып, сіңілімізді ұзаттық. Бүгінде көп ел миллиондап несие аларда шамасына қарамайды, тойдан қайтады деп ойлайды. Олай ойлауға болмайды, тойдан қайтпайды ешқашан.

Кредит алып той жасайды да, келген келінге: «Біз саған кредит алып той жасағанбыз» деп қайта -қайта ұрсып отырды. Ол келін сондай сөз естиін деп келген жоқ қой, сосын ол да «кетші бар» деп кетеді де, қалады. Есесіне екі жас ажырасып тынады.

Ия, болмаса бай, кедей болып «Бай байға құяды, сай сайға құяды» деп бөлінеді…

https://kaz.365info.kz/zhanar-ajzhanova-adam-emes-ekensin-282876

… Байқасаңыз, бүгінгі балалардың арманы-айфон телефон. Жылда оның түбіне жетпейміз, жаңасы шығып жатады. Көшеде кетіп бара жатқан балаға қарасаңыз құлаққаппен жүреді. Меніңше, бала өмірге жалаңаш келіп, жалаңаш кететінін білуі керек. Біздің әжелеріміз, далаға қыздарды кеш батқан соң шығармайтын. «Қызға қырық үйден тыю» деген бар ғой. «Болмайды, ұят болады» дейді, біз сол тәрбиемен өстік. Қазір ешқайсымыз кем болып отырған жоқпыз. Ал қазіргі жігіттер қандай? Шеттерінен ақсаусақ, сырға тағады, шаштарын бояйды.

Иә, солай, тіпті жасы жиырмаға да толмаған қыздар маған Инстаграмм парақшамда «тәлпіш қатын, кәрі қатын» деп жазып отырады. Мұндай қыздардың сөзінен шешелерін көремін. Кімнен туғаны көрініп тұрады.

Шешелері қыздарының не жазып, не істеп жүргеніне қарамайды. Ондай қыздардың жанын шығару керек кой. Мен мысалға әлі күнге дейін қызымды тартып жіберемін. Қолынан, құйрығынан ұрамын, жас кезінде тіптен қатты ұстайтынмын. Басқа не істейсін, бұлттың арасымен олай да, бұлай да ұшып шаршап келіп отырған кезімде, еркелеп отырса салып қалатынмын.

Ән айтсаң да жаныңды жеп айтасың. Тіпті кейде айдалада танымайтын біреулерден таяқ жеп келетінмін, ән айтып тұрған кездімде салып қалған, ұрып құлатқан кездері болған. Араққа тойып алған адамдарға кім білсін сенің қандай болып елестеп отырғаныңды. Одан қалды біреу келіп аузындағысын айта салады. Одан қалды жол, шаршайсың әйтеуір.

https://kaz.365info.kz/zhanar-ajzhanova-sizden-yalyp-otyrmyn-t-yshbaj-a-a-235400

Жастардың арасында біртүрлі көзқарас қалыптасқан. Ұят та болса айтайын, дәретханада ұстап алып «суретке түсейік» дейді. «Шығайық бұл жер, дәретхана ғой, соншама деңгейің төмен ба?» десең, асығып тұрғанын айтады. Асықсаң кете бер, мен не істеймін деймін.

Сосын кешке инстаграмда жазып отырады: «Сен шіріксің, сен осындайсын, сен сондайсын, сені сыйлап едім», — деп, оның маған сыйлағаны керек емес.

Жастардың тағатсыздығына таң қаламын. Не деген асығыс, қайда бара жатыр?! Осы дүниенің бәрін ретке келтіруге болады ғой. Көш жүре түзеледі деген. Жастарымыз тарихты біліп, тілі мен ділін танып, білім мен мәдениетке құштар болса. Еліне, жанұясына, өзіне пайдалы дүниемен айналысса құба-құп болар еді. Біраз жасқа келген соң осының бәріне алаңдайсың, титтей де болса әпкелік, аналық ақылымызды айтып, жөн сілтесек дейміз” депті Жанар Айжанова өз сұқбатында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз