Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Талғат Жорабаев Төреғалимен болған даудың неден басталғанын айтып берді

145

Жорабаев Төреғалидың атынан қоқан-лоққы көрсеткен кісі туралы айтты. Ол ел арасында тарап кеткен жазбаны әдейілеп жарияламағанын түсіндірді.

“Таратайын деп таратқан жоқпын. Алтынай: “Талғат, сол жазбаны алып тастай салшы” деді. Содан кейін Алтынайға: “Алтынай тыңдап көрші, мына кісілер осылай деп жатыр. Ары қарай өз ойыңды айтасың” дедім. Сонымен Алтынай тыңдап, қатты ашуланып отырып құрбысына жіберіп қойыпты. Содан кейін өздеріңіз де білесіздер, ұстай алмай қалдық. Таралып кетті”, – дейді Жорабаев.

Әнші бұл мәселені жабулы қазан күйінде қалдырғысы келетінін ашық айтты. Алғашқыда “Аллаға тапсырдым” деген ол ақыр аяғында ренішін жайып салды.

“Аузым бар екен деп, ондай сөздерді айту қажет жоқ. Кім болса о болсын. “Атағың айға жетіп тұрса да, Алланың алдында дәрменсіз құл екеніңді ұмытпа” дейді ғой. Бастарыңа бәлекет келсе, екі қолдарың мен тілдеріңнен көріңдер дейді. Сондықтан да адам тіліне сақ болып, мәдениетіне абай болу керек”, – дейді ол.

https://kaz.365info.kz/tyngyshbaj-men-toregalidi-tiridej-komdik-khazakh-khajda-barasyn-296829

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз