Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Талғат Аян бостандыққа шықты

Сот мәліметінше, Талғат Аянның өтелмеген мерзімі (үш жыл бір ай және 16 күн) бас бостандығы шектелу жазасына ауыстырылып, пробационалдық бақылауда болады.

2016 жылы Атырау қалалық № 2 соты Талғат Аянды ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша “Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру”, “Көрінеу жалған ақпарат тарату” және “Заңсыз жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация немесе өзге де заңсыз жария іс-шара ұйымдастыру, өткізу не оларға қатысу, сол сияқты үй-жай, байланыс құралдарын, жабдықтар, көлік беру арқылы осындай іс-шараларды ұйымдастыруға немесе өткізуге жәрдем көрсету, егер бұл іс-әрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулi зиян келтiру” бойынша сотталған.

Талғат Аян мен тағы бір белсенді Макс Боқаев жалпы режимдегі колонияда өтеуге бес жылға сотталған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз