Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-5
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Талғарда 3 жасар қыздың мұрнын жұлып алған өгей әке “түремшік” боп шықты

266

Күдіктінің 2005 және 2013 жылдары істі болғандығы жөнінде облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті. Сұмдық оқиға болған сәтте анасы үйінде болмаған.

Қазір аталған факті бойынша тергеу жалғасуда. Алайда күдікті қолхатпен бостандыққа жіберілген. Қылмыстық іс облыстық ішкі істер департаментінің Анықтау басқармасының қатаң бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, Талғар ауданында 3 жастағы қызды өзінің өгей әкесі аяусыз тістелеп, мұрнын жұлып алған. 20 күн ауруханада болған қыз енді үйіне шығуы керек екен. Бірақ анасы екеуінің барар жері жоқ. Бұл туралы КТК телеарнасының тілшісі Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде жазған болатын.

“… 1986 жылы туған Ринат Қоңқабаев тістеп жұлып алған. Әлде жеп қойды ма, кім білсін мұрын еті сол күйі табылмады. 20 күн ауруханада жатқан Жансая бүгін анасымен үйге қайтуы керек. Алайда, басар тау, барар жері жоқ. Пәтерге оралса азаматтық жары Ринат күтіп отыр. Бұл мәселеге қатысты балаға шабуыл деп арыз жазылғанымен күдікті изоляторда бір күн отырып, босап шықты. Шырылдап енді арыз жазғанымды білсе өзімді де өлтіреді деп жылайды Аяулым Матаева” делінеді журналисттің жазбасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз