Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Талдықорғандағы дау: әкім мен кәсіпкер жаға жыртысты

113

 

Садырбаевтың сөзіне қарағанда, судсидиялауға қажетті құжаттарды толтырғанда қате жіберіп, кейін қайта толтыруға мәжбүр болған. Ал қате толтырылған құжатқа қол қойған Тутубаев түзетілген нұсқаға екінші қайтара қол қоюдан бас тартқан.

“Құжаттарды бір қарап шығуым керек”, – депті ол.

Садырбаевтың айтуынша, осының кесірінен, бірнеше сағат бойы әкімнің қол қоюын күтіп, кабинетін күзетіп отыруына тура келген.

“Шынымды айтайын, төзімім таусылып кетті.

“Сіз үшін қанша уақытымды жоғалттым. Босағаңызда телміріп отырғаныма жарты күн болды. Мұныңыз не?” – дедім.

Жарылуға шақ қалған едім. Тутубаев та қарап қалған жоқ. Сөзбен ұстаса кетті. Жағамнан алды…

Есімде қалғаны Тутубаевтың жұмыс кабинетінде көмекшілері қолымды қайырып ұстап тұрды. Сонысымен шектелсе, бірсәрі. Тутубаев жұдырық жұмсады. Қаным басыма шапты. Көмекшілерін итеріп тастап, өзіне қарсы жүрдім. Есемді қайтардым. Көмекшілер қайтадан бас салып, қолымды қайырып салды.

Қол-аяғым байланған мені Тутубаев тағы да ұрды. Әйтеуір, әрең дегенде босап шықтым,

– дейді кәсіпкер.

Ал Тутубаевтың айтуынша, дау мүлде басқаша өрбіген. Садырбаев оның қол қоюын сұрап түс болмай келген. 

“Маған көрсеткен алғашқы құжатта ауыл шаруашылығына жауап беретін әріптесім Нұрлан Мәмбетжановтың қолы болған. Екінші құжатта болған жоқ.

Иә, құжатты қалдырып кетуін айтқаным рас. Себебі, алғашқы құжатта қате болғандықтан, кейінгісін мұқият қарап шықпақ болдым.

Субсидия аз емес. 7 миллион теңге, – дейді Тутубаев.

Қала әкімінің міндетін атқарушы сонымен қатар төбелесті Садырбаевтың өзі бастағанын айтты. 

 

Тутубаев

 

“Тұмсығымды бұзбақ болды. Дер кезінде бұрылып үлгердім. Артынша әкімдіктегі қызметкерлер ажыратып жіберді бізді. Сонда да қойған жоқ. Төбелес шығарғысы келді. Ең ақыры, қызметкерлер жұмылып Садырбаевты кабинетімнен шығарып жіберді. Бәрін қойшы, осының кесірінен көйлегім жыртылды. Болған жайды бірден полицияға хабарладық” – дейді Тутубаев.

Әкімдіктегілердің айтуынша, Алмасбек Садырбаев кеңесші қызметінен биылғы жылдың 10-сәуірінде қуылған. Қазір осы іске байланысты тергеу жұмыстары басталды.

Бұдан тыс, бұл істі Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы агенттігінің Алматы облыстық департаменті де назарына алды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз