Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Талдықорғанда тәртіп сақшылары тұрғындарға медициналық маска таратты

212

Қаладағы карантиндік шектеу шараларының сақталуын бақылау аясында патрульдік полиция экипаждары, жаяу патрульдер азаматтарға маска кию қажеттігін түсіндіреді, маскасыз жүрген адамдарға жауапкершілік туралы ескертіп, маска таратылды.

– Карантин кезінде кейбір азаматтар, өкінішке орай, жеке қорғанудың қарапайым әдістерін ұстамайды және қоғамдық орындарда, көшеде серуендеу кезінде, медициналық бетперделерді кимейді, әлеуметтік арақашықтықты сақтамайды. Әркімнің қауіп-қатердің әлі сейілмегенін және қорғану құралдарының инфекцияның таралуын азайтуға септігін тигізетінін түсінуі маңызды. Қандай да бір себептермен медициналық бетпердесіз жүрген азаматтарға инспекторлар бұл атрибутты кию қажеттігін еске сала отырып, оларды ұсынады. Мұндай жұмыстар облыстың барлық аудандарында жүргізілуде, – дейді Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Данияр Мендебаев.

Бір күн ішінде полицейлер қала тұрғындарына 500-ге жуық медициналық бетпердені табыстады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз