Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-8
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Талдықорғанда сот жүйесін жаңғыртуға арналған ғылыми конференция өтті

Қазақтың билер соты әлімсақтан халыққа ең жақын құқықтық орган болған. Ол ғасырлар бойы қоғамдық құрылыс пен мемлекеттік билік ісіне үздіксіз қызмет етіп келді. Сондықтан қазақ тарихында билер сотының алатын орны ерекше.

«Конференцияның басты мақсаты – билер сотының қоғамдағы рөліне тағы бір мәрте көз жүгіртіп, сарапқа салу. Біз мұны еліміздегі құқықтық мәдениетті қалыптастыру ісінде барынша пайдалана білуіміз керек», – дейді қатысушылар.

Қазір Алматы облысының әрбір ауылдық округінде медиация кабинеттері жұмыс істеп тұр. Соның арқасында мыңға жуық сот өндірісі оң шешім тапқан.

Арықбай Ағыбаев, заң ғылымдарының докторы, профессор:

– Билер сотын ұмытуға болмайды. Біздің түп-қазығымыз, қазақ қоғамының дамуының негізі – билер. Осыған байланысты біз әлі де қоғамдық негізде болса да билер құрамасын құрып, әр ауылдан, тұрғылықты жерден қазақтың ішінде көбейтуіміз керек. Олар халықтың ішінде ескі, пайдалы салт-сана, дәстүрді насихаттауы керек. Сонда біз алға жылжимыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз