Талдықорғанда сәбиін сатып жібермек болған шетел азаматшасы ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Күдікті әйелді 24 тамыз күні облыстық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының мамандары ұстады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 135 бабы (Кәмелетке толмаған баланы саудалау) бойынша 31 жастағы әйелге қарсы іс қозғалды.
“Күдікті әйел қылмыс орынында сәбиін 400 000 теңгеге сатып жатқан жерінен ұсталды. Шетел азаматшасы Қазақстанға осы көктемде маусымдық жұмыс іздеп келіп, баласын мамыр айында босанған,” – деп хабарлады ІІД.