Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Талдықорғанда 2 жасар бала менингиттен көз жұмып, ата-анасы ауруханаға жатқызылды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басқарушысының орынбасары Эльмира Ахметованың сөзінше, аталған дертке шалдыққан адамдар анықталды.

«Әрине, қазіргі бұйрыққа сәйкес, олар күнделікті бақылауда болады. Хаттама бойынша, алдын ала ем жүргізу басталды. Менингитке шалдыққан тұлғалардың ешқайсы назардан тыс қалмады», – дейді  Эльмира Ахметова.

Айта кетейік,Талдықорғанда 2 жасар қыз ауруханаға жеткізілгеннен 1,5 сағат өткеннен кейін көз жұмды. Дәрігерлер оның менингиттен көз жұмғаны туралы алдын ала тұжырым жасады.

Мамандардың хабарлауынша, менингокок инфекциясын жұқтырған бүлдіршін ата-анасымен бірге Алакөл ауданы Көлбай аулындағы ауызашарда болған. Баламен байланыста болған 66 адамның барлығы тексерілді.

Қазіргі уақытта қайтыс болған баланың ата-анасы 11 айлық екінші баласымен бірге ауруханада жатыр. Олар дәрігерлердің бақылауында. Мамандардың сөзінше, әзірге олардың жағдайы жақсы. Бала ауырып қалғанда, ата-анасы жедел жәрдем шақырған. Алайда баланы ауруханаға бірден жеткізбепті.

Анасы баланың қызуын түсіруге тырысқан. Өкінішке орай, менингит жұқтырған бала ауру тым асқынып кеткен кезде ауруханаға жеткізілген.

«Баланың денесі сараптамаға жіберілді. Мұнан кейін қызметтік тексеріс жүргізіледі. Сол кезде барлығы анықталады. Егер дәрігерлер кінәлі болса, ол анықталады», – дейді Талдықорғандағы өңірлік инфекциялық аурухананың бас дәрігері Бауыржан Сауранбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз