Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Талдықорған бөрісі” турнирі өз мәресіне жетті

Сайыс өте тартысты өтті. Бұған дейінгі турнирлерде қарсылас шақ келтірмеген Жәнібек Дүйсембаев ІІІ-орын үшін болған белдесуде Нұрсұлтан Аманжолұлынан ұтылып қалды. Ұлан Рысқұл мен Александр Косачев қарсыластарының бәрін жеңіп, ақтық сында белдесті. Бірақ Ұлан Рысқұл жартылай финалда алған жарақатының сыр беруіне байланысты жарысты жалғастыра алмай қалды. Осылайша Александр Косачев турнир жеңімпазы атанды.

Александр Косачев, турнир жеңімпазы:

– Осыдан екі апта бұрын ғана Қазақстан біріншілігіне қатысып, чемпион атанып қайттым. Сондықтан бүгінгі жарысқа мен өте жақсы дайындықпен келдім. Дегенмен белдесулер оңай өтті деп айта алмаймын. Қарсыластың осалы жоқ. Бізді алда үлкен бәсекелер күтіп тұр. Сол жарыстарға дайындалуым керек.

Ұлан Рысқұл, Тұңғыш Қазақстан барысы:

– Өте қуаныштымын. Кішкене жарақатқа байланысты ІІ-орын алып қалдым. Қалғанының бәрі жақсы болды. Құдай қаласа, жақсы нәтиже көрсетіп, «Қазақстан барысының» іріктеуінде І-орын аламын деп үміттенемін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз