Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Талдықорғанда өрт сөндіру мекемесінің бұрынғы бастығы сотталды

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұрынғы лауазымды басшы ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 3-бөлігі 1,2-бөлімшелерінде көрсетілген («Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салуы») қылмыстарды жасауда айыпты деп танылды.

Оның қылмыстық жолмен тапқан ақшасы тәркіленіп, жалпы режимдегі түзеу колониясына 5 жылға қамалды және өмір бойына мемлекеттік органдарда лауазымды қызметтер атқаруға тыйым салынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 49-бабы, 1-бөліміне сәйкес, «полковник» арнайы әскери атағынан айырылды.

Оған пара беруші – «ZHETYSU GLOBAL» ЖШС директоры ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы, 5-бөлімі, 189-бабы, 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 63-бапқа сәйкес, шартты түрде 5 жылға сотталды. Тағы бір пара беруші – «АвтоҚазСервис» ЖШС мемлекеттік сатып алулары бойынша жұмыс істеген жеке кәсіпкерге ҚР Қылмыстық кодекстің 28-бабы, 5-бөлімі, 189-бабы, 2-бөлімі бойынша айып тағылып, 1 484 700 теңге көлемінде 700 АЕК айыппұл салынды.

Сот үкімімен сотталушылардан мемлекеттік мекеме пайдасына 2 225 106 теңге және 504 239 теңге процессуалдық шығын мен 22 251 теңге мемлекеттік баж салығы өндіріп алынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз