Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Талас басталды. Димаш Құдайберген “Америка дауысы” жобасына шақырту алды

111

Енді, біз оны «Евровидениеге» дайындауға кірісеміз. Одан кейін ол «Америка дауысына» қатысады. Бүгін ол Лос-Анджелес қаласындағы мюзикл-шоуға шақырту алды», – деді Мұсақожаева бүгін Астанада өткен жиында.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауына қатысуда. Ол сайыстың алғашқы турында танымал француз әнімен жеңіс тұғырынан көрінді. Байқаудың ІІ-кезеңі 28 қаңтар күні өз мәресіне жеткен еді. Аталған кезеңде отандасымыз Витастың әнін орындап, I-орынды қанжығасына байлады. Ал ІІІ-кезеңде Димаш үшінші орынды еншіледі. Десе де қазақ әншісі жалпы есепте қарсыластарын баса озып, көш бастап тұр.

Ал IV-кезеңде Димаш қытай тіліндегі әнді акцентсіз орындап, Қытай халқын тағы да аузына қаратты. Алайда бұл кезең эфирден 11 ақпан күні көрсетіледі.

Бұл жобадан соң Димашқа Қытай тарапынан өздерімен бірге жұмыс істеуді сұрайтын ұсыныстар түсіп қалады деп болжанады. Одан тыс әлемдік деңгейдегі әнші Лара Фабиан Димашты кездеуге шақырған болатын. Енді, міне АҚШ-тан да шақырту алып жатыр. Оған талас басталып та кеткен секілді. Соған қарағанда Қытайда анасының тамағын аңсап жүрген Димаш биылдыққа дамыл таппайтын сияқты…

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз