Өткен сенбіде Жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысында комиссия мүшесі Мұхтар Тайжан депутат, «КТК» телеарнасындағы «Портрет недели» бағдарламасының жүргізушісі Артур Платоновқа ескерту жасап, одан телехабарларда жер реформасына қарсы наразылық білдірген азаматтарды қараламауды сұрады, деп жазады qamshy.kz сайты.
Екі күн өткенде Платонов Тайжанға жауап қатты.
«Тайжан мырзаның барлық «айыптаулары» бағытталған адамдарға емес, оның өзіне көбірек қатысты болып отыр. Ол бұл жерде қателесті. Ол өзі де ойланып, кейін түсінді, тіпті, тәрбиелі адам ретінде өкінді деп ойлаймын. Өйткені ол кездесу барысында қызбалыққа салынып отырды. Мен оның әрекеттерінен күрделі, жағымсыз нәрселер көргім келмейді. Мұның барлығын мен өз елі үшін алаңдайтын, оған тек жақсылықтар мен гүлдену тілейтін азаматтың шынайы талпынысы деп білемін. Сонымен қатар, ондай ниеттегі адам жалғыз ол ғана емес екенін айтқым келеді», – делінген А.Платоновтың жауабында.
https://youtu.be/68zrMrYc30g