Цай Инвэнь ресми түрде Тайвань әкімшілігі басшысының қызметіне кірісті. Әйел президентті ұлықтаудың салтанатты рәсімі Тайбэйде өтті.
Оппозициялық Демократиялық прогрессивтік партияның көшбасшысы Цай Инвэнь ҚХР басшылығы атынан Тайвань тәуелсіздігін күшейту үшін алға шығып отыр. Сарапшылардың пікірінше, оның сайлануы Тайбэй пен Бейжіңнің қатынастарын шиеленістіруі мүмкін, деп жазады Би-би-си.
59 жастағы Цай Инвэнь кво-статусын сақтағысы келетінін айтса да, әзірге Бейжіңдегі билікпен қатынастарына қатысты бағыты туралы сөз қозғаған жоқ.
Сарапшылар Тайванның жаңа басшысының Бейжіңмен қатынасын нашарлатқысы келмейтінін атап өтті, себебі Тайвань экспортының 40-қа жуық пайызы құрлықтық Қытайдың үлесінде болып отыр. Бұдан басқа, аралға жүздеген қытайлық зымыран бағытталған.