Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Тайфун жайпап жатқан Филиппинде қазақстандықтар да бар болып шықты

Оларды тайфунға еті үйренген жергілікті тұрғындар сабырға шақырған. Ал, елшіліктен ешкім байланысқа шықпапты. Филиппиндегі Қазақстан азаматтары қазір демалыстарын жалғастыруда. Десе де, қатты дауыл тағы қайталануы мүмкін. Филиппин аралдарында «Урдуджа» тайфуны жексенбіде ойран салған болатын. Оның арты нөсер жауын мен лай көшкініне ұласты. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғат апаты 41 адамның өмірін жалмапты.

Десе де, қирандылар астынан сәт сайын мәйіттер табылуда. Сондықтан, бұл санның әлдеқайда артуы мүмкін. Тағы 50-ге жуық адам із-түссіз жоғалғандар санатында. Апаттан қатты зардап шеккен – Билиран провинциясы. Болжам бойынша, дауылдан келген шығын көлемі10 миллион долларға жуықтайды. Туристер көптеп баратын Боракай аралын да белуардан су басқан. Тіпті, мұндағы мыңнан аса адам еліне уақытылы қайта алмай қалды. Өйткені, әуежайға дейін жұмысын тоқтатқан болатын. Ал, қазір жағдай тұрақталған көрінеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз