Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
14
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Тахти кубогы-2018: Төрт балуанымыз финалда

Жарыстың алғашқы күні отандастарымыз сәтті өнер көрсетіп, төрт балуанымыз финалға шықты. Бірінші болып, 63 келіде ел намысын қорғаған Құдайберген Тұрсынов финалға өтті. Ол финалға дейін қырғызстандық және Грузиялық балуандарды ұтты. 67 келі салмақта Алмат Кебіспаев алғашқы белдесуінде түркиялық балуанды жарыс жолынан тайдырса, екінші белдесуінде өз отандасы Данияр Қаленовтан басым түсті. Жартылай финалда тағы бір түркиялық балуан Мұрат Фиратты қапы қалдырып, финалға шықты.

Сонымен қатар, 72 келі салмақтағы ел намысын қорғаған Демеу Жадыраев алғашқы белдесуінде әзербайжандық Санан Сүлеймановты, екінші белдесуінде ирандық Фаршад Факехты ұтып финалда белдесуге мүмкіндік алса, 87 келі салмақта Хусейн Муцольгов бірінші белдесуінде болгар, екінші айналымда түрік, үшінші белдесуінде қырғыз балуандарының жауырынын жер искетіп, финалға шықты.

Ал жартылай финалда қарсыластарына есе жіберген Мейрамбек Айнағұлов, Ибрагим Магомадов және Дастан Зарлыхановтар бүгін қола медаль үшін сынға түсетін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз