Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Тағы дәрігер шақыртты”. Санавиация жете алмаған Шымкенттегі науқастың жағдайы өте ауыр

Келіншек 2-қазанда ауыр халде Түркістаннан Шымкентке жеткізілген. Ол 16-қыркүйекте босанған, осы уақыт аралығында Түркістанның дәрігерлері оның өмірі үшін күресіпті. Облыстық аурухананың жан сақтау бөлімі бастығының орынбасары Вячеслав Цайдың айтуынша, оларға әйел өте ауыр халде келіп түскен.

Науқас гепатит вирусын жұқтырған деген күдік бар, цирроз және басқа да ауруларға ол ұласып барады.

“Республикалық деңгейдегі дәрігерлерді шақырту – қалыпты тәжірибе. Егер науқастың жағдайы ауыр болса, онда  жоғары білікті мамандардың кеңесі қажет болады. Мұндайда уақыт көп рөл атқарады.

Біз қазір республикалық санавиациямен тағы байланысқа шығып жатырмыз, олар  тағы дәрігер жібереді ме, оны енді өздері шешеді”,

– деді Вячеслав Цай.

Еске сала кетелік, 3-қазанда ұшып шыққан санитарлық авиация ұшағы  Ан-28 12 минуттан соң радардан жоғалып кетті. Ұшақ Алматыдан Шымкентке аттанған болатын. Бортта бес адам болды, оның ішінде командир, екінші ұшқыш, екі дәрігер болған. Бәрі қаза тапты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз