Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанның әр өңіріндегі тұрғындардың ақшалай кірістерін есептеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, екінші тоқсанда халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы айына 204 963 теңгені құрады, бұл 2023 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 12,6%-ға15 артық. Осы кезеңдегі тұтыну бағаларының индексін (8,5%) есепке алғанда халықтың ақшалай кірісі нақты мәнде 3,8%-ға өскен.
Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысының ең жоғары мәні екінші тоқсанда Атырау облысында тіркелді, бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден екі есеге дерлік асып түсіп, 383 171 теңге болды. Екінші орында Алматы қаласы тұр, онда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысының деңгейі 297 188 теңгені құрады. Үшінші орында 278 117 теңге көрсеткіші бар Маңғыстау облысы болса, табысы ең төмен өңір Түркістан облысы екен, онда бұл көрсеткіш 119 753 теңге.