Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Төзімділігімнің арқасында отбасымды сақтап қалдым

157

Көп ұзамай Алматыға жолдасымның жұмысына байланысты бөлек шықтық. Сонымен семьялық өмір басталды. Пəтер жалдап тұрдық. Үйге қонбау, ішіп келіп бəле іздеу, қыздармен жүру басталды. Күніге жатар кезде ертең таң атса жиналып кетемін деп ойлайтынмын. Бірақ таң атысымен үндемей,тамақ, кірге кіресетінмін. Тұрмысқа шыққаннан кейін қызымды көтердім. Екіқабат екеніме өзімше мəз болдым. Ол жургенін қойған жоқ. Ұстап алмаған соң тек үндемейтінмін. Бірақ арсыз қыздар өздері маған звондап айтатын. Содан сөйтіп жүріп қызымды босандым. Қызыма  алты ай болғанда тағы көтеріп қойыппын. Айтпақшы анама звондап айтсам сен өзің жамансың. Келме деп келтірмейтін. Өзімді ешкімге керексізбін деп жылайтынмын. Содан екінші қызымды босандым. Жолдасым сол баяғыша үйге кеш келетін. Бір қызымды көтеріп, екіншісін тербетіп өміріме налитынмын. Арасында енем келіп ұрыстырып кететін.

Бір күні жолдасым таңға жуық келіп алдымнан шықпадың деп ұрды. Жолдасым ұйықтап қалғанын күтіп, қыздарымды алып төркіннен бірақ шықтым. Əке-шешеме болған жағдайды айтпадым. Тек қыдырып келдім дедім. Содан жолдасым қайта- қайта звондап жүрді. Алмадым. 10 күн дегенде артымнан келді. Өлердегі сөзін айтып кешірім сұрады. Содан қыздарым үшін деп қайта қосылдым. Одан кейін ол жақсы жаққа өзгерді. Бірден емес. Жаймен. Кейін 3 қызымды босандым. Қазір арамыз жақсы. Жұмысынан үйге асығады. Тапқан ақшасын түгел маған береді.

Қазір ойлап қарасам сол кезде əке- шешем келе ғой дегенде мен баяғыда ажырасып кетер едім. Олар мен жақсы болып кетсін деп айтқан екен. Əйел адам қырық жанды бəріне шыдайды. Еркек адам бір қол көтергеннен орнына қою керек деп ойлаймын. Еркек адамның санасына берсін. Енді ұл керек. Шыдамдылықпен Алла Тағаладан сұрасам ол да болар. Жазда бұйырса үйімізді бітіріп кіреміз.

Бұл менің бақытым, менің өмірім деп мақтанарлықтай өмір сүруге əр жан лайық. Қыздар тек сəл шыдау керек.

Аноним

Дереккөз: Алаш айнасы 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз