Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
7
USD
426
0.00
EUR
495
0.00
RUB
5.98
0.00

Тәжікстан парламенті “Рақымшылық туралы” заң қабылдады

111

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 17 тамызда парламентке “Рақымшылық туралы” заң жобасын жолдады. Құжат 9 қыркүйек – Тәжікстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне орай ұсынылды.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, “алдын ала есеп бойынша, заң 12 мың сотталушыны, айыпталушыны және күдіктіні қамтиды”. Атап айтқанда, 3 мыңнан астам сотталушы түрмеден босатылады және 4 мың шартты жаза алғандар жауаптан босатылады. 5 мың адамның қылмыстық ісі жабылып, тағы көптеген адамның жаза мерзімі қысқартылады.

Президент әкімшілігінің мәліметі бойынша, рақымшылық әйелдерге және кәмелет жасқа толмағандарға, 55 жастан асқан ер кісілерге, мүгедектерге, ісік және жүрек ауруларына шалдыққандарға, ҰОС ардагерлеріне, Чернобыль ардагерлеріне, мемлекеттік сыйлық иегерлеріне және шетел азаматтарына жарияланады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз