Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-22
USD
525
+1.39
EUR
546
-3.47
RUB
5.09
+0.02

Тұяқбай “тірі” ме?

112

Жармахан-ау, қарап отырсаң саған Елбасының өзі мүмкіндік беріп отыр. Кеше ғана халыққа үндеу жасады. Билік Үкімет пен Парламентке тең бөлініп беріледі деді. Парламенттің рөлі күшейетінін айтты. Жүйе жаңғырады деді. Демек, осы арқылы Елбасы сендерді диалогқа шақырып отыру да мүмкін ғой.

Осындайда, оппозиция деген атың бар Президенттің бастамаларына қатысты үн қататын қақың бар ғой. Президент дұрыс нәрселерді айтты. Тыңдадым. Бәлкім, осы дүниенің толықтыратын, жетілдіретін тұстары бар шығар, Тұяқбай. Сен қалай ойлайсың?

Оппозиция деген осындай болуы керек қой. Ол бар болуы керек. Ол халықтың арасында жүруі тиіс қой. Халықтың сөзін сөйлемесе, сайлауда бір-екі рет төбе көрсеткені кімге керек? 4 жылда бір рет інінен шығатын оппозицияға ойлап қарасаң, кім дауыс береді?

Әрбірден соң оппозиция деген мемлекеттің жауы емес. Ол да мемлекеттің мүддесі үшін жұмыс істеуі тиіс. Демек, сен дәл осындай кездері елдің алдына шығып, “әу” дейтін жағдайың бар еді, Жармахан. Өзің үшін емес, саған сенген қауымның алдында қарызыңды өтер едің, осы арқылы. Ал сен жоқсың. Осыдан кейін мен саған қайдан сенемін. Сенен көңілім қалды, басқаларынан да…

Шаймардан Шүйкенов,

зейнеткер

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз