Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Тәуелсіздік кітапханаларды да түлетті

444

Сарысу ауданы ОКЖ-сі  бойынша 2016 жылы кітапханалар қорында  жалпы кітап қоры – 420019 дана болса, оның ішіндегі 216958 данасы мемлекеттік тілдегі әдебиеттер. Ал оқырмандар  саны –  23719 адам.  Жыл сайын оқырмандарға 3639 данадан аса түрлі бағыттағы басылымдар беріледі.
Аудандық орталық кітапхана «КАБИС», филиалдар  «РАБИС» бағдарламасымен жұмыс жасайды. «КАБИС» және «РАБИС»  бағдарламасына  енгізілген дерек қоры – 116905 дана. Қазіргі уақытта кітапханада кітап қорын цифрландыру жұмыстары жүріп жатыр, барлығы 1674 дана кітап цифрланды.    Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 27 қызығушылық клубтар жұмыс істейді. Бұл клубтардың жарғысы, мақсаты мен міндеті, жұмыс жоспарлары, мүшелері ресми түрде жұмыс атқарады. Сонымен қатар кітапханалар жүйесі  2014-2017 ж.ж  аралығында 10 мақсатты-кітапханалық  бағдарламалар  бойынша жұмыс атқаруда.
Әр жылдары облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауында Саудакент ауылдық кітапхана филиалы  бас жүлдеге, облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауында Саудакент ауылдық балалар кітапханасы жүлделі ІІІ орынға,  облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауында Өндіріс ауылдық кітапхана филиалы ынталандыру жүлдесіне,  облыстық «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауында Жайылма ауылдық кітапхана филиалы жүлделі ІІІ орынға ие болды. 2015 жылы об­­лыстық «Ең үздік ауылдық  кітап­хана»  байқауында Үшбас ауылдық кітапханасы ІІІ орыннан көрініп, арнайы дипломмен және кітапхана жиһаздарымен марапатталса, 2015 жылы облыстық «Ең үздік әдістеме кабинеті»  байқауында аудандық кітапхананың әдістеме кабинеті І орынды иеленді.
2014 жылдан кіапханада wеб-сайт www.kitap.sarysu.zhambyl.kz және электрондық почтасы Sarusu-oki@mru  жұмыс жасайды. Сайтта өткізілген іс-шаралар, жаңа әдебиеттер тізімі, шолулар әрбір бөлім бойынша мағлұматтар мен олардың қызметі туралы ақпараттар енгізілген. Қазіргі уақытта 58-ге жуық мақала сайтқа енгізіліп, оқырмандар назарына ұсынылып отыр.
«Жұмыспен қамту –  2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында  Ұзақбай Сыздықбайұлы,  Үшбас, Шығанақ, Жайлаукөл, Саудакент, ауылдық балалар және  Дегерес қалалық  кітапхана филиалдары ағымдағы жөндеуден өтіп әрі жаңа заманауи кітапханалық жиһаздармен толықтырылып, жаңа ғимаратта жұмыс жасауда. Аудандық кітапханада сондай-ақ бірнеше рет облыстық тәжірибелік семинарлар өткізілді.

С. ҚОЖАНАЗАРОВА,
Жамбыл облысы Сарысу аудандық орталықтандырылған
кітапханалар жүйесі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  директоры

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз