Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Түркиядағы терактіден зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Фэйсбуктегі жеке парақшасында жазды.

Инвестициялар және даму министрлігінің туризм индустриясы департаментіне зардап шеккен қазақстандық туристер туралы мәлімет түспеген. Диярбақыр курортты қала емес әрі елдің туристік аудандарынан алыста орналасқан. Туризм индустриясы департаменті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен тұрақты байланыста.

Аталған департамент Түркия аумағындағы қазақстандық туристерді мұқият болуға және сақтық шараларын сақтауға шақырады: адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыз, тұрып жатқан жеріңізден еш себепсіз кетпеңіз, жергілікті биліктің нұсқауларына құлақ асыңыз; туроператорлар Түркиядағы болуы мүмкін қауіптер туралы туристерді ақпараттандырып отыруы керек, делінген хабарламада.

Еске сала кетелік, бұл жарылысты ДАИШ содырлары өз мойнына алғанын мәлімдеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз