7 мыңнан астам түрік әскері НАТО елдерінің әскери ұшағы орналасқан оңтүстіктегі “Інжірлі” әуе базасын қоршап алды.
“Расталмаған дерек бойынша, әскерилер тағы бір мемлекеттік төңкеріс жайлы сыбыстан соң әуе базасының кіре берісі мен шығатын жерін жауып тастап, қоршауға алған” деп жазады Hurriyet түрік газеті.
Бүгін Түркияның Еуро одақ істері жөніндегі министрі Өмер Челик өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында: “Бұл – қауіпсіздікті тексеру шарасы, сондықтан қобалжуға негіз жоқ” деп жазды.