Түркияның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Түркияда орын алған оқиға демократиялық түрде сайланған үкіметке қарсы төңкеріс әрекеті болып табылады. Халқымыз бірлік пен ынтымақ жылында осы әрекеттін бетін қайтарды. Президент пен Үкіметіміз өз қызметтерін жалғастыруда.
Түрік Қарулы Күштерінің тұтасымен төңкеріс әрекетіне қатысы болған жоқ. Бұл оқиға Түркия Қарулы Күштері арасында бір топ әскерилер тарапынан ұйымдастырылды және халқымыз оларға лайықты жауабын берді», – деп жазылған мәлімдемеде.